Жаңатап ауылында алдағы уақытта жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы салынбақ. Бүгінде оны орнатуға қаражат бөлініп, конкурстық рәсім аяқталды. Жұмыстарды атқаруға «Wealth» жеке кәсіпкерлігімен 7,5 млн теңгеге шарт жасалды.
Аудан әкімі Қаршыға Арынов Мүткенов ауылдық округі тұрғындарымен тұрақты есептік кездесуі барысында аталған елді мекенде әр салада жаңашылдықтар бар екенін және жергілікті тұрғындар көптен күткен нысандар тұрғызылып жатқанын атап өтті.
Атап айтсақ, Жаңатап ауылында жеңілдетілген су құбырының құрылысы аяқталды. Облыс әкімінің бастамасы бойынша облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде барлық қала мен аудандарға тұрғындар санына байланысты бонустық трансферттер көзделген. Ақтоғай ауданына 333,6 млн теңге бөлінді. Оның ішінде Мүткенов ауылдық округіне 17,9 млн теңге қарастырылған. Аталған қаражатқа жалпы ұзындығы 1,8 шақырым болатын ауылішілік жолдарды (Қазақстан, Ертіс көшелерін) қиыршық тас жабынымен орташа жөндеу жоспарланған. Мердігер — «Казахкоммерц» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды осы айдың соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.
Өз тілшіміз.