Шарбақты ауданының орманшылары ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жабайы аң-құстарға қысқы азық дайындау жұмыстарымен қызу айналысуда.

Орман шаруашылығы мамандарының айтуынша, қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына және қардың қалың түсуіне байланысты жабайы жануарлардың өздігінен қоректенуі қиынға соғады. Сол үшін қазірден бастап олардың қыста жейтін азығын әзірлеп, сақтап қойған жөн. Осы мақсатта ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторлары күн сайын азық жинау жұмыстарымен белсенді айналысып, ерінбей еңбек етуде. Атап айтар болсақ, мамандар аң-құсқа жем-шөп дайындап, арнайы азықтандыру алаңдарындағы оттық, тұз және жем салатын науаларды жаңартуда. Нәтижесінде жабайы жануарлар алдағы қыстан аман-есен, еш қиындықсыз шығады деген үміт бар.

 

Н.АҚЫТЕГІ.