«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылағаш және Қарақұдық ауылдарында жаңа медициналық пункт бой көтеруде. Ауыл тұрғындарының игілігіне салынып жатқан қос нысанның құрылысы алдағы айда аяқталмақ.

Қызылағаш ауылындағы медициналық кешеннің құрылысы мамыр айының соңында басталған. Бүгінде жөндеу жұмыстары
90 пайызға аяқталған. Қазіргі уақытта нысанға шатыр жабыны орнатылуда. Құрылыс жұмыстарына 15 адам тартылған. Ал Қарақұдық ауылындағы медициналық пунктте ішкі әрлеу жұмыстары бастау алған. Сонымен қатар, электр, су құбыры желілері тексерілуде. 11 адам тартылған құрылыс нысанында жұмыс аяқталуға таяу.

Екі медициналық кешен 29 тамызда пайдалануға берілмек. Жергілікті тұрғындар ауылдағы игі жұмысқа ризашылықтарын жеткізуде. Жасы келген қариялар аудан орталығына қатынамай, ауылда ем қабылдайтындарына қуануда.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.