Ертіс ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. Қазіргі уақытта аудан орталығындағы орталық көшедегі шөп жұлынып, стадион, балалар ойын алаңдары қоқыстан тазартылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстарға «Жасыл ел» еңбек жасағынан 50 адам тартылған. Сонымен қатар, 1 трактор және шөп шабуға арналған 4 триммер жұмылдырылған. Сәуір айы басталғалы аудан аумағынан жалпы көлемі 1200 тонна қоқыс сыртқа төгілген. Мердігер «Айназар» жеке кәсіп-керлігі санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұдан бөлек, ауданда абаттандыру жұмыстары бойынша Карел-Полк — Кутурга көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңы да ретке келтірілуде.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.