Шарбақтылық тұрғындар үшін «Open air cinema», яғни ашық аспан астында кинотеатр өтті. Бұрын-соңды мұндай шараны көрмеген тұрғындар мәз болды.
Кинотеатрды аудандағы кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған. Олар көрермендер үшін барлық жағдайды жасаған. Мәселен, кітапхана ауласына еден төсеп, бірнеше пуфтар орнатып, түрлі түсті шамдармен безендірген.
– Біз кино көруге келген балаға да, ата-анаға да жайлылық жасауға тырыстық. Әр жұма сайын аудандық кітапхана-ның Instagram парақшасында кино-плакаттар жарияланады. Сол арқылы көрермендер жобамызбен таныс болып, келулеріне болады, – дейді аудандық кітапхананың директоры Майгүл Тілеубердинова. Оның айтуынша, бұл шара осы айдың соңына дейін жалғасады. Яғни, жаз біткенше кітапхана қызметкерлері тағы бірнеше қызықты жобамен көрермендерін қуантпақ.
Н.АҚЫТЕГІ.