Тереңкөл ауылында «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері «Ерікті болу оңай» еріктілер қозғалысымен бірлесіп, орталық жағажайдағы гүлзарларды ретке келтірді.

Жастар жайқалған гүлзарды көрігін кетіріп тұрған арамшөптерден арылтты. Сонымен қатар, «Тағзым» аллеясындағы гүл оранған аймаққа да көңіл бөлді. Осылайша, олар бір күнде 1800 шаршы метр аумақтың арамшөбін жұлып, ретке келтірді.

Сонымен қатар, ауданның ауылдарында да абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында белсенділер ғимараттарға іргелес аумақтарда шөп шауып, жиектастарды әктеп, жарамсыз ағаш-бұталарды кесіп, айналаның көркін келтірді. Олар шамамен төрт мың шаршы метрден астам аумақты тазартып, абаттандырды. Акцияға 20-дан астам адам қатысты.

 

Г.МАҒЖАН.