Photo Valeriy BUGAYEV

Облыс әкімі Асайын Байханов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті. Кездесуде тараптар Екібастұз қаласындағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 электр станцияларын, жылу-электр орталығын жылу маусымына дайындау барысы мен бірқатар инвестициялық жобаны талқылады.

 

Қазіргі таңда кәсіпорындарда жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Барлық жұмыстарды уақытылы аяқтау жоспарлануда. «Богатырь Көмір» ЖШС-нен көмір мерзімдерге сәйкес жөнелтілуде. Күзгі-қысқы кезеңде өңірдің барлық энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындары қатты отынның қажетті көлемімен қамтамасыз етіледі.

Бүгінде ГРЭС-1 станциясының №1 энергия блогын жаңарту жұмыстары аяқталып, отын беру жүйесі жаңғыртылуда. Ал ГРЭС-2 станциясында қуаттылығы 500 МВт болатын 3 және 4 энергия блоктарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде станцияның қуатын 1000 МВт-қа дейін арттырады.  «Богатырь Көмір» кенішінде циклдік-ағындық технология жобасы іске асырылуда.

Бұл инвестициялық жобалар ел Президентінің тапсырмасымен іске асырылуда. Олар өңір өнеркәсібінің көлемін жыл сайын 300 млрд теңгеден астам сомаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Облыс әкімінің  баспасөз қызметі.

Суретті түсірген — Валерий Бугаев.