Жуырда Павлодар ауданы Коряковка бастауыш мектебінде «Ұлттық оюлар тарихы» көрмесі ұйымдастырылды. Оған ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылды.
Аталмыш көрменің мақсаты — балалардың шығармашылық әлеуетін арттыру, мәдениет пен өнер арқылы сұлулық әлеміне баулу, ел тарихына деген мәнділігі мен қызығушылығын арттыру, патриотизмге және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мәдени мұраны сақтау.
Аталған көрмеге мектеп ұстаздары, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Оқушылардың ата-аналары ұлттық нақышта жасалған бұйымдарды әкеліп көрмені толық-тырды.
Мектептің жас мұғалімі М.Ахметова қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қолданған ою-өрнектің мәні туралы айтты. Ал оқушылар ұлттық би билеп, өнер көрсетті.
Б.ҚАБДЫШЕВА, Коряковка бастауыш мектебінің мұғалімі, Павлодар ауданы.