Бүгінге дейін бұл кезең қарқынды зерттеліп, көптеген деректер табылды. Ал бұл деректерді орналастырып, халыққа ұсынатын жалғыз мекенмузей.

Мәселен, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде 1929-1933 жылдар аралығындағы ашаршылық кезіне арналған бұрыш бар. 1997 жыл – жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып белгіленіп, арнайы экспозиция ашылды. Зерттеу және жинақтау жұмыстарының нәтижесінде осы зұлматты бастан кешкен куәгерлердің құжаттары, фотосуреттері, естеліктері пайда болды. Музей қызметкерлері ашаршылық кезінде барлық жақындарынан айырылып, қайғылы оқиғадан аман қалған Б.Ташевамен кездескен. Оның естеліктеріне сәйкес, Павлодарда аштық құрбан-дарының көп болғаны сонша, мәйіт-терді арбаларға тиеп әкеткен. 30-шы жылдары малды жаппай тәркілеу басталған кезде Баянауылдың тумасы Жақыпбай Алпатов Қызылшілік ауылының жерлестерін (қазіргі Жұмат Шанин ауылы) аштықтан құтқарып, оларды көрші Қарағанды облысына көшірді. Жұмыс істей алатындар шахтаға жұмысқа орналасты. Ж.Алпатов «Мұрынтал» колхозының төрағасы болған. Аштық жылдары Павлодар облысынан тыс жерлерде көршілес Омбы, Новосібір облыстарына, Алтай өлкесіне, Моңғолияға, Қытайға қоныс аударды. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясында Г.Потаниннің белгілі фотографы, өлкетанушы Д.Багаевтың фотосуреттері бар. Олар 30-шы жылдары өлке тұрғындарының қоныс аудару процесін бейнелейді. Бұл бір тілім нан алтынға тең кез болды деп сипатталады. Музей қызметкері Гүлжайнат Әлиеваның айтуынша, музейге облыс тұрғындары қоғам қайраткері Серік Оспановтың суретін қорға бұрыш ашыларға аз уақыт қалғанда тапсырған. Серік Оспанов «Жетекші» колхозын ұйымдастырды. Оның құрамына алыс аудандардан қашқан өлке тұрғындары, аштықтан бос қалған шаруашылықтардан құтқару үшін қалаға жақын орналасқан. Ол бірнеше отбасын аштықтан құтқарды. Қорда сондай-ақ, Ермұхан Бекмахановтың, Қабыш Берда-линнің, Темірболат Арғынбаевтың, Арын Сүлейменовтің, Қошке Кемең-геров секілді ел азаматтарының фотосуреттері сақталған. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұра-жайында ХХ ғасырдың 30-50-жылдарында жазықсыз сотталған жерлестерімізге құрмет көрсететін кештер өткізіледі. Сонымен қатар, «Сыйға тарту күні» акциясы барысында павлодарлықтар музей қорына өлкеміздің тарихы және белгілі жерлестері туралы баяндайтын қызықты экспонаттарды тапсырады. Олардың тағдырлары тарих беттерінде қалады. Айта кетейік, ертең сағат 11.00-де аталмыш музейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасірет» атты көрме өткізіледі.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.