Бүгін облыс орталығында Құтқарушылар күніне орай салтанатты жиын өтті.

Кәсіби мереке аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен азаматтық қорғау органдарын дамытуда ерекше көзге түскен және айрықша үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар мен ведомстволық медальдар табыс етілді. Сондай-ақ, сын сағатта ерлігімен еленген бірқатар өрт сөндіруші мен құтқарушы Павлодар қаласы әкімінің грамоталарымен марапатталды.

Одан бөлек, Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығының алаңында қала халқы мен қонақтары үшін қазіргі заманауи құтқару құрал-жабдықтары мен озық техникалардың көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында сала ардагерлері мен департамент қызметкерлерінің назарына мерекелік концерт ұйымдастырылды.