Алғашқы қар түскен күні Павлодар облысында үш ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Екі апат облыс трассасында, біреуі облыс орталығының көшесінде болды. Жол-көлік оқиғаларында барлығы 12 адам зардап шекті.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 қазан күні таңғы сағат жетіде 103-ке Ақсу мен Қалқаман арасындағы жол апаты туралы қоңырау түсті. Онда екі бригада-жедел жәрдем және апаттар медицинасы орталығы аттанды.
— Көліктердің соқтығысуы нәтижесінде 50-58 жас аралығындағы бес әйел зардап шекті. Олардың бірі медициналық тексеруден бас тартты, қалғандары Ақсу қалалық ауруханасына жатқызылды, — деп хабарлады жедел жәрдем станциясынан. Бір күн бұрын Қалқаман және Беловка елді мекендері арасындағы тас жолда тағы бір апат болды. Үш ер адам дәрігерлердің көмегін қажет етпеді. Білегі сынған 50 жастағы ер адам Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, Павлодарда академик Шөкин мен академик Сәтбаев көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысқан. Соның салдарынан 8 және 9 жастағы ұлдарға облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ, дәрігерлер 58 жастағы әйелге алғашқы көмек көрсетілді. Жедел жәрдем қызметкерлері жолаушыларға жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық режимін үнемі сақтап, сақ болу қажеттігін еске салады.
Өз тілшіміз.