Медавиацияны басқарған маман

Мау 18, 2026

Бұл бөлімше өте ауыр халдегі науқастардың өмірін құтқару үшін барын салады. Олар үшін әр секунд санаулы. Адам тағдыры тұрған кезде науқасты ауруханаға жеткізуде толассыз жауын, қарлы боран, көктайғақ сынды табиғаттың тосын мінезі еш тосқауыл болмайды. Мұндай жауапты жұмысты медициналық авиация мамандары атқарады.

Аймағымызда аудан-қалалардағы науқастарды облыс орталығына немесе Астана, Алматы қалаларына шұғыл жеткізетін медициналық авиация бөлімшесіне Алмагүл Бесембинова жетекшілік етеді. Медицина саласына 2014 жылы келген маман облыстық жедел жәрдем станциясында еңбек етіп келеді. 2017 жылдан бастап осы медициналық авиация бөлімше-сіне жауапты.

Облысымыздағы медавиация қызметінде 2 көлік түрі бар. Олардың қатарында 1 реанимобиль көлігі және 1 тікұшақ бар. Техникалар ең озық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мед-авиация қызметі штатындағы дәрігердің барлығы Павлодар қаласындағы медициналық мекемелерде еңбек етеді. Арнайы кезек бойынша шақыртуға шығады. Кезекші операторға қоңырау түскен кезде мамандар 25-30 минуттың ішінде жолға дайын болуы тиіс. Ал поли-травма бөлімшесінің дәрігерлерін Павлодар қалалық №1 ауруханасынан алып кетеді екен. Бригада басқа дәрігерлерді жұмыс орнынан жинайды.

Алмагүл Бесембинованың айту-ынша, шақырту түскен кезде бригада алдымен ақылдасып, шешім шығарады. Өткен жылы 350 қоңырау түскен. Жыл басынан бері 330 адам медавиацияның қызме-тіне жүгінген. Бұл ретте дәрігерлер жол апатына ұшырағандар, күйік шалған, тоққа түскен, жағдайы ауырлап кеткен жүкті әйелдер мен шала туған нәрестелердің өмірін құтқарды. Медициналық авиация көп жағдайда көлік қатынамайтын, дәрігер тапшы шалғай ауылдарға шығады.

— Медавиацияның диспетчері Павлодар қаласындағы Абай көшесі, 115-үй мекенжайында орналасқан жедел медициналық көмек станциясы қызметінде орналасқан. Қоңырау тәулік бойы  қабылданады. Тікұшақ аэропортта тұрады. Егер науқастың жағдайы тым ауыр болса, мәселен, инсульт, қан құйылу, қан айналым жүйесі бұзылса, инфаркт алса, политравма алғанда тікұшақ жолға шығады, — дейді А.Бесембинова.

Дәрігерлер науқастың диагнозына байланысты таңдалады. Бір шақыртуға кемі 3 медициналық қызметкер аттанады.

— Біздің жұмыстың ерекшелігі — тәулік бойы жұмыс істеуімізде дер едім. Өзім басшы ретінде 24 сағат үнемі байланыста отырамын. Сенбі-жексенбі күндері де демалыссыз еңбек етемін. Еңбек демалысына шыққан уақытта да әріптестеріммен тығыз байланыста боламын. Науқас адамды медавиациямен жеткізу облыс орталығына немесе Астана, Алматы қалаларына жеткізу үшін арнайы көшірме қағазы болуы тиіс. Сол құжатты толық тексермей, қызметтік көліктер науқастарды тасымалдай алмайды. Шақырту түскен кезде науқастың жағдайымен толық танысып, қандай дәрігер қажет екенін анықтаймыз. Күніне кем дегенде 10 қоңырауға дейін қабылдаймыз. Егер тікұшақ жолға аттанған болса, басқа науқас-тарға қызметтік көлікпен барамыз. Басшы ретінде шақыртуды қабылдап, медавиация қызметінің науқасқа жедел жетуін қадағалаймын — дейді А.Бесембинова.

Алмагүл Бесембинова дәрігерлер өз тәжірибелерінде боранмен арпалысып жүріп, талай жүкті әйел-
дің өмірін құтқарып қалғандарын айтады. Осындай сәттерде қызметтеріне деген жауапкершілік одан сайын арта түседі екен.

— Қазір медицина саласында жаңашылдық көп. Біздің қызметте «Исма» атты науқастың шақырту картасы қолданысқа енгізілді. Ол арқылы біз ауыр халдегі науқастың жағдайымен танысып, бригаданың қай уақытта жеткенін, қандай көмек көрсеткенін толық бақылай аламыз. Бұдан бөлек, медавиация көліктерінде құрал-жабдықтар да жаңарып келеді. Әсіресе, шақалақтарды тасуда инкубатор алынды.

Биыл мамандар ауыр екі жағдайда көмек көрсетті. Ертіс ауданының тұрғыны көп қан жоғалтып, травматолог маманның шұғыл араласуын қажет етті. Бригада жылдам құрылып, науқастың өмірін сақтап қалдық. Тағы бір жағдайда мерзімі-
нен ерте туған 27 апталық сәбиді облыстық перинаталдық орталыққа неонатологтар жеткізді, — дейді
А.Бесембинова.

Алмагүл Бесембинова медицина саласына әкесінің арманын орындау үшін келгенін айтады. Десе де, осы салада 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, өлім мен өмір арасында арпалысқан талай жанды құтқаруы арқылы мамандығына деген құрметі арта түсетінін жасырмады.

А.ҚУАНЫШЕВА.