Елімізде «қандас» мәртебесін беру тәртібі өзгертілмек. Бұдан былай өтінімдер Қазақстан елші-ліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданатын болады.

Мамандардың айтуынша, жаңа тетік бірқатар мемлекеттерде пилоттық режимде іске асырылуда. Саладағы осынау жаңашылдықтың нәтижесінде елге келу, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға мүмкіндік жасалмақ. Жаңа тәртіп пен басқа да бірқатар шаралар Мемлекет басшысының 2023 жылдың 19 сәуірінде қол қойған «Қазақстан Республика-сының кейбір заңнамалық акті-леріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселе-лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде бекітілген. Қазіргі уақытта этникалық қазақтардан өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс визалық режим елдерінде (Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан) орналасқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет мемлекеттегі мекемелерінде пилоттық режимде жүргізілуде. Кейінірек елшіліктер арқылы өтінімдерді қабылдау визасыз режимі бар елдерде де жүргізілетін болады. Бұдан басқа, Enbek.kz порталы арқылы осы пилоттық жобаны, яғни, «қандас» мәртебесін беру және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру шеңбе-рінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі енгізілді. Атап өтерлігі, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелде тұратын этникалық қазақтардан 771 (237 отбасы) өтініш қабылданды. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі енгізіліп, қандастарды жайғастыру және қабылдау жөніндегі арнайы комиссия құрылмақ. Ол этникалық қазақтардың өңірде тұруға байланысты жазған өтініштерін дербес қарайды. Мұндай тұрақты негізде жұмыс істейтін комиссиялар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде құрылатын болады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері халыққа түсіндіруде.  Көші-қон саласындағы тағы бір жаңалық – этникалық қазақтар үшін алғаш рет «Ата жолы» картасы енгізілмек. Онда жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендердің елге еш кедергісіз кіруіне мүмкіндік жасау қарастырылған. Сондай-ақ, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге тартуға бағытталған қолдау шаралары қолға алынуда. Мәселен, тұрғын үй сатып алу, салу немесе ипотекалық қарыздарды жабу бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін қоныс аударушы отбасының бір мүшесіне 4 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде біржолғы өтеусіз экономикалық ұтқырлық сертификатын беру қарастырылған.

 

Нұржайна ШОДЫР.