Дайындық пысықталды

Там 13, 2026

Ақтоғай ауданының әкімі Ернұр Әйткенов жұмыс сапарымен ауданның бірқатар елді мекенін аралап, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен танысты.

Сапар барысында аудан басшысы Шолақсор, Балтасап, Қарасу, Жалаулы, Шілікті, Өтес, Әуелбек, Қараоба, Жаңаауыл, Исантерек, Разумовка, Барлыбай, Ақжол, Қарақоға, Басқамыс, Шұға және Жолболды ауылдарында болды.

Ауылдарды аралау кезінде мектептер, балабақшалар, медициналық және ветеринарлық пункттер, ауылдық клубтар, су құбырлары, автомобиль жолдары мен өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандардың қазіргі жағдайы зерделенді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына, қазандықтардың алдағы жылыту маусымына дайындығы, жылу жүйелері мен қажетті құрал-жабдықтардың жай-күйі тексерілді.

Елді мекендерде тұрғындармен кездесулер өткізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалды. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ауыл-дардың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы мәселелер талқыланды.

А.БОРАНБАЕВА.

Ақтоғай ауданы