Мәселелер талқыланды

Там 13, 2026

Аудан әкімі Асқар Ажмұрат елді мекендерді аралап, әлеуметтік нысандардың жай-күйін бақылауды  жалғастыруда. Жуырда аудан басшысы  жұмыс сапарымен Шақа, Шоқтал, Майқарағай және Мерғалым ауылдарына барып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.

Сапар барысында ауылдардағы мектеп, балабақша, медициналық пункт, өрт сөндіру бекеті және орман шаруашылығы нысандарын аралап, олардың қазіргі жай-күйін зерделеді. Сонымен қатар, қысқы жылыту маусымына дайындық барысы, мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі, нысандардың материалдық-техникалық жағдайы назарға алынды. Анықталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.

Аудан басшысы жұмыс сапары аясында ауыл тұрғындарымен де кездесіп, жұртшылықтың ұсыныстарын тыңдап, мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдап, өтініштеріне құлақ асты.  Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Аққулы ауданы