Ақтоғай ауданының басшылығы жергілікті жолдарды жөндеу ісіне биыл да ерекше көңіл бөліп отыр. Айталық, осы жылы бірнеше ауылдың көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Мәселен, Ақжол ауылының Мир көшесі 7,5 млн теңгеге қайта қалыпқа келтіріледі. Мердігер – «MEIR STROI» компаниясы. Одан бөлек, Мектеп көшесін «КазахКоммерц» ЖШС 7,1 млн теңгеге қайта қалыпқа келтірсе, Достық көшесіне конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Аудандық бюджет есебінен Ақтоғай ауылындағы Достық көшесінің бойындағы жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын ауылішілік жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі уақытта 0-2 км учаскелері бойынша 73,6 млн теңгеге Мердігер «ҚазақКоммерц» ЖШС анықталды.

 

А.БОРАНБАЕВА.