«Таза Қазақстан» республикалық эколо-гиялық акциясы аясында Саты ауылын-дағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері аумақты тазалау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция барысында қатысушылар саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Сонымен қатар, айналаны ретке келтіріп, тұрғындардың демалуына қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты –
қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және тұрғын-дарды туған жердің тазалығы мен көркеюіне атсалысуға шақыру.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру шаралары өңірде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтуға да ықпал етеді.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
Май ауданы.
