Маусымдық жұмыстар — бақылауда

Шіл 17, 2026

Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Досжанов жұмыс сапарымен аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаның орындалу барысымен танысты.

Алдымен ауданның егіс алқаптарын аралаған аудан басшысының міндетін атқарушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, егістіктің жай-күйін, агротехникалық талаптардың сақталуын және алдағы жұмыстардың жоспарын талқылады. Сонымен қатар, ауданда шөп шабу науқаны басталып, шаруашылықтар қысқы мал азығын дайындауға кіріскені айтылды. Қазіргі уақытта табиғи шабындықтарда шөп
шабу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Одан кейін Дархан Досжанов Басқамыс ауылына барып, салынып жатқан стадионның құрылысын және Басқамыс–Қарақоға–Шұға–Жолболды автожолының 0–15 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарының барысын көрді.

Жауапты мердігерлердің мәліметінше, құрылыс пен жол жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тұрақты бақылауда.

А.БОРАНБАЕВА.

Ақтоғай ауданы.