Тұрақты жұмысқа бастады

Шіл 30, 2026

Тұрғындарды еңбекпен қамтудың түрлі тетіктері бар. Соның бірі – кәсіптік оқыту. Яғни, нарықта сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Оқу курсын аяқтаған соң азаматтар жұмысқа орналасады.

Осындай мүмкіндікті успендік тұрғын Гүлнар Ахимова пайдаланды. Ол сатушы мамандығы бойынша білім алғанымен, ұзақ уақыт жұмыс таба алмаған. Содан «Аспаз» мамандығы бойынша үш айлық кәсіптік курстан өтті. Успен аудандық «Мансап» орталығының мәліметінше, курсты сәтті аяқтаған ол білімі мен тәжірибелік дағдыларының нәтижесінде дәмханаға жұмысқа орналасты. Бүгінде ол міндеттерін жауапкершілікпен атқаруда.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.

Успен ауданы.