Әуеден өңдеу жүргізілуде

Мам 7, 2026

Май ауданы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында Көктөбе және Баскөл ауылдарында қансорғыш жәндіктерге қарсы ауқымды авиациялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Өңдеу жұмыстары арнайы техника мен заманауи препараттарды қолдану арқылы жүзеге асырылды. Барлық кезең ғылыми топтың қадағалауымен және тапсырыс беруші мекеменің сүйемелдеуімен жүргізілуде. Бұл өз кезегінде қолданылатын құралдардың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жауапты мамандардың мәліметінше, алдағы уақытта да аудан көлемінде осындай профилактикалық шаралар жалғасып, қансорғыш жәндіктердің көбеюіне жол бермеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

МАЙ АУДАНЫ