Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары орман алқаптарында және су айдындарында өрт қауіпсіздігі бойынша рейд өткізді.
Ауқымды шараға полиция және жергілікті атқарушы органдар да белсене қатысты. Мамандар орман алқаптары мен Ертіс өзенінің аумағында профилактикалық іс-шара өткізді. Рейд барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, су айдындарында шомылу кезінде қауіпсіздікті қадағалау мәселелері де сөз етілді. Төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жағдайы айтылды.
Қауіпсіздік ережесін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғаудың маңызды кепілі.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
АҚҚУЛЫ АУДАНЫ
