Көше көркі — тазалықтан

Мау 25, 2026

Ауданда полицейлер ауылдарда тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тұрақты рейд өткізуде.

Мамандар шара барысында ауыл тұрғынының кесілген ағаш бұтақтарын өз үйінің қоршауының сыртына жинап қойғанын көреді. Үй иесінің бұл әрекетін полицейлер абаттандыру қағидаларын бұзу деп бағалады. Себебі тұрғын үй сыртындағы ағаш бұтақтарын өзі қоқысқа тастауға міндетті болған.

Жыл басынан бері көшелер мен аулалардың тазалығына салғырт қарағаны үшін Ертіс ауданының 135 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

— Ауылымыздың тазалығы –  коммунал-
дық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі.  Азаматтардан шөп, бұтақ және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген орынға төгіп, бейберекет қоқыс орындарына айналдырмауын сұрайды. Тазалық мәдениетін сақтау арқылы көше көркін сақтай аламыз, — дейді Ертіс аудандық полиция бөлімінің басшысы Төлеген Алпысбаев.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ЕРТІС АУДАНЫ