Биыл аудан орталығы Тереңкөл ауылында 9 көше асфальтталады. Бұл жұмыстарға қаржы облыстық бюджеттен бонустық трансферт ретінде бөлінді.

Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Ризабек Айтмағамбетовтің айтуынша, ауыл көшелерінің 90 пайызы асфальтталған. Биыл Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Дачная, Катаев, Фурманов, Гагарин, Сейфуллин, Аймауытов көшелерінде тас жол төселеді. Осылайша, ауылішілік жолдардың асфальтталуы 100 пайызға жетпек. Аталмыш көшелерге тас жол төсеуді тұрғындар әкіммен кездесуде сұраған. Тоғыз көшенің жолына 200 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Жұмыстарды «Асфальт-бетон» ЖШС жүргізеді. Жоба бойынша мердігер асфальт-тауды мамыр айында бастап, шілдеде аяқтауы тиіс.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы аудан орталығында бонустық трансферт қаржысы есебінен шағын футбол алаңы салынады. Оған 18 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, аудандық бюджет қаржысына №2 мектеп ауласында да футбол алаңы ашылады.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.