Ауданда төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында үйлерді, білім беру мекемелерін аралап, арнайы жиын ұйымдастыруда.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Орман Түсіпов құтқарушылармен бірге аудандағы мектептер мен балабақша қызметкерлерімен жүздесіп, оларды өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырды. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге жадынама таратылды. Көктем мезгілінде ауласын қоқыстан тазартып, қоқысты өртейтіндер көбейетіні сөзсіз. Күн жылынғанда пеш жағуды азайтып, тамақ әзірлеуде газды қолданатындар да көбейеді. Сол себепті, қауіпсіздік шараларын сақтаған абзал.

– Ауладағы қоқысты өртеудің ережесі бар. Қоқысты өртеу тек күндізгі уақытта ғана жүргізілуі керек. Жағылған соң жан-жағына су құйылуы қажет. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Қауіпсіздік ережесін бұзғандар әкімшілік жаза арқалайды. Тұрғындардан пештегі мұржаны тазалап қоюды да сұраймын, – дейді Орман Түсіпов.

 

Айдана ҚУАНЫШЕВА.