теория мен тәжірибені ұштастырады
Елімізде кәсіптік білім беру саласын дамытуға баса мән берілуде. Бұл ретте, облысымыздағы арнайы оқу орындарының озық тәжірибесі өзгелерге үлгі боларлық. Мемлекеттік тапсырыс аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастарды жинап, теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы сапалы білім беріп отырған мекеменің бірі — Павлодар қаласындағы Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі.
Аталмыш оқу орны аймақтағы қолданбалы бакалавриат бағытында оқытатын ең үлкен колледждердің бірі саналады. Бүгінгі таңда мұнда 800-ге жуық студент теміржол көлігі, автомобиль жолдарын салу, теле- коммуникация және ақпараттық технологиялар салалары бойынша білім алады. Олардың қатарында облыс жастарымен қатар, Алматы, Түркістан, Маңғыстау және өзге де өңірлердің студенттері бар.
— Бұл колледждің ерекшелігі, «жоғары» деп аты айтып тұрғандай, студенттерімізге қолданбалы бака- лавриат бағытында жоғары білім береміз. Жастардың 60 пайызы — ауыл балалары. Олардың ішінде 18 жасқа толғандарына дуалды оқыту жүйесіне ауысуға мүм- кіндік б еріліп, ж ергілікті к әсіпо- рындарда өндірістік тәжірибеден өтіп, еңбек еткені үшін ай сайын шамамен 150 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді. Осы мақсатта біз ірі кәсіпорындармен меморандумға қол қойып, серіктес ретінде жұмыс істеудеміз. Бір қызығы, бұрын радио- техника мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер тәжірибеден ақылы түрде өтетін, ал қазір бәрі тегін. Тағы бір ерекшелігі, бүгінде біздің балаларымыз дипломдық жұмыс жазып, қорғамайды. Есесіне, өзі тәжірибеден өтіп жүрген кәсіпорнында емтихан тапсырады. Сол мекеменің мамандары эксперт ретінде баға береді. Бұл тәсіл тәжі- рибелі маман тәрбиелеп шығаруға оң әсер етіп отыр, — дейді Жоғары электроника және коммуникация- лар колледжінің директоры Марат Нығметов. Оның айтуынша, аралық аттестаттау шеңберінде студенттерге мемлекеттік үлгідегі дипломмен қатар, жұмысшы біліктіліктері де беріледі. Ал ары қарай жоғары білім алғысы келетіндер универ- ситетке қысқартылған бағдарлама бойынша қабылдана алады. Бұл ретте, колледж бен Торайғыров университеті арасында меморандум жасалғанын айта кеткен жөн.
Айрықша атап өтерлігі, колледждің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай. Жастардың сапалы білім алуы үшін осы мақсатқа қыруар қаржы бөлінуде. —
Республикалық ПИИР конкур- сына қатысып, 465 мың долларға құрал-жабдық сатып алдық. Сонымен қатар, «Жас маман» жобасы бойынша 365 млн теңгенің жаңа жабдықтарымен толыққан жайымыз бар. Тіпті, біздегі кейбір заманауи құрылғылар ірі кәсіпорындарда да жоқ. Мұның барлығы мемлекеттің жастарға деген шексіз қолдауы деп білемін, — дейді Марат Нығметов.
Мұндағы студенттердің сапалы білім алуымен қатар, жайлы өмір сүруі үшін де мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалуда. Бүгінде колледждің 200 орындық қонақүй үлгісіндегі жатақханасы бар. Қыздар үшін арнайы жаттығу залы жұмыс істейді.
Ең бастысы, оқу бітірген сту- денттер 100 пайыз жұмысқа орна- ласуда. Тіпті, оңтүстік өңірлерден келіп білім алған жастар арасында осында қалып, кәсіпорындарда еңбек етіп, кейін өз отбасыларын көшіріп әкеліп жатқандары да бар екен. Қазіргі таңда осындай 7 шаңырақ аймағымызға қоныс тепкен. Бұл – білім ордасының жетістігі.
Нұржайна ШОДЫР
Суреттерді түсірген — Есенжол Исабек.