Алдағы оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға артады деп жоспарлануда. Жастарға арналған осы және өзге де қолдау шаралары жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Бәшірованың айтуынша, бұдан былай колледждегі орта буын мамандықтары үшін шәкіртақы мөлшері 20 948 теңгеден 31 422 теңгеге дейін, ал жұмысшы мамандықтары үшін 21 787 теңгеден 32 681 теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар, студенттер тамақпен, жатақ-ханамен және жол жүру ақысы үшін 4 АЕК (13 800 теңге) көлемінде мемлекеттен қаржылай қолдауға ие болады. Ал дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алатын жастар ақылы тәжі-рибеден өтіп, 80-250 мың теңге аралығында еңбекақы алады дейді, басқарма басшысының орынбасары.

– Алдағы 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 5705 орын бөлінді. Талапкерлер, яғни 9 және 11-сынып бітірушілер 71 мамандық бойынша өз таңдауларын жасап, облыстағы 42 колледжге тегін оқуға түсе алады. Қазіргі таңда қабылдау комиссиясының жұмысы басталды. Толығырақ айтар болсам, 9-сынып түлектері 20 мау-сымнан 18 тамызға дейін, 11-сынып бітірушілер 25 маусымнан 20 тамызға дейін тегін оқу үшін құжаттарын тапсыра алады. Ал ақылы негізде оқуға ниет білдіргендер 25 тамызға дейін, кешкі және сырттай оқу бөліміне түсушілер 20 қыркүйекке дейін өтініш беру-леріне болады, – дейді Гүлмира Бәшірова.

Оның айтуынша, педа-гогикалық, медициналық және шығармашылық (музыкалық) мамандықтар бойынша оқуға түсетін талапкерлер арнайы емтихан тапсырады. Жұмыс мамандықтары бойынша білім алушылар алдын ала әңгімелесуден өтеді, ал орта буын мамандықтарға және қолданбалы бакалавриатқа түсетіндер мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу үшін балдық жүйенің қорытындысы негізінде бақ сынайды. Бұл конкурс «Таңдау» платформасында білім туралы аттестаттың орташа ұпай саны негізінде өткізіледі. Аталған платформа талапкерлердің рейтингін автоматты түрде сараптайды және колледжде тегін білім алуға бюджеттік орындардың иелерін анықтап береді, дейді спикер. Сондай-ақ, әр талапкер төрт мамандық пен төрт колледжді таңдай алады.

Мамандардың айтуынша, соңғы кезде ақпа-раттық технология және педагогикалық мамандықтарға деген жастардың қызығушылығы артқан.  Мәселен, былтыр ақпараттық технологиялар колледжінде ІТ саласы бойынша бір орынға 9 адам, ал педагогикалық колледжде 7 адам үміткер болған.

Айта кетерлігі, жыл сайын колледж бітірген павлодарлық түлектердің 97 пайызы жұмыспен қамтылса, оның ішінде нақты өз мамандығы бойынша еңбек еткен жастар көрсеткіші
65 пайызды құрайды.

Нұржайна ШОДЫР.