Соңғы үш тәулікте ЖРВИ ауыр ағымы бар 46 науқас Павлодар жедел жәрдемімен ауруханаға жатқызылды. Аймақтық 103 қызметінде жедел респираторлық вирустық инфекциялармен байланысты көп қоңырау тіркелген.
Әдетте жедел жәрдем қызметі тәулігіне орта есеппен 600-700 қоңырауды пысықтаса, соңғы үш тәулікте қызметке 2500-ден астам қоңырау түскен. Сарапшылар мұны ЖРВИ ауруының көбеюімен байланыстырады.
— 1-3 желтоқсан аралығында біз 2572 шақыруды пысықтадық. Шамамен олардың 30 пайызы жедел респираторлық вирустық инфекцияларға байланысты. Әрине, балалар көбінесе ЖРВИ-мен ауырады. Соңғы үш күнде бірден 538 қоңырау түсті. Бұл ретте стационарларға жатқызуға ЖРВИ ауыр түрімен 46 адам жіберілді, оның 27-сі – балалар, – дейді 103 облыстық станция басшысының орынбасары Ольга Вербовая. Өткен аптада жедел жәрдем қызметкерлері ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды жаппай ауруханаға жатқызды. Инфекция жұқтырған Қазақстан ІІМ оқу орталығының бірнеше курсанты анықталды. Жедел жәрдем желісі бойынша модульдік ауруханаға тоғыз адам жеткізілді. Дәрігерлер Павлодар облысы-
ның тұрғындарын ЖРВИ-дің алдын алуға байыпты қарауға және ауру қаупін азайту үшін қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Ол үшін қолыңызды мұқият жуып, антисептиктерді қолдану қажет. Сондай-ақ, науқас адамдардан аулақ болып, бетперде киген жөн. Тұрғын үй мен жұмыс кеңістігін желдетіп, адамдар көп болатын жерлерден аулақ болған абзал. Сонымен қатар, тұмауға және басқа вирустарға қарсы екпелерді қолдану арқылы иммунитетті нығайту қажет.
Өз тілшіміз.