Кемімеген, керісінше, өскен

Қар 12, 2026

Елімізде жыл басында Салық кодексі күшіне енгенде талап күшейіп, жеке кәсіпкерлер қатары күрт азаяды деген пікір айтыла бастады. Көпшілік кодекстің тиімділігіне күмәнмен қарап, жыл санап, жеке кәсіпкерлер қатары сирейтініне сенімді еді. Алайда, аймағымызда биылғы жылдың үшінші тоқсанында тіркелген көрсеткіш, жағдайдың керісінше өрбігенін көрсетіп отыр.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, кәсіпкерлік субъектілерінің біразы жабыл-ғанымен, жаңадан ашылғандар қатары артқан. Нәтижесінде, жалпы кәсіпкерлік көлемі кемімеген. Сонымен қатар, 2026 жылдың үшінші тоқсанында 9546 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат жеке кәсіпкер ретінде арнайы мобильді қосымшамен жұмыс істеуге көшкен.

– Салық кодексі күшіне енгізілді. Жеке кәсіпкерлер қатары сиреуі мүмкін деген сөз болды. Алайда, іс жүзінде, басқаша. Облысымызда биылғы жылдың 3-тоқсанында 350 кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Оның 148-і – заңды тұлға, 205-і –
жеке кәсіпкерлік субъектісі. Тіркел-гендер мен жабылғандар санын ескерсек, жалпы өңірімізде оң қарқын байқалып отыр. Кәсіп-керлер тіркеліп, «көлеңкеден» шығуда. Бұл үрдіс қуантады. Салық кодексіндегі критерийлерге байланысты бір тоқсанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеуге көшті. Яғни, олардың кірісі бәрі автоматты түрде есептеледі, бюджетке төленетін сома ұсынылады, растаған соң мемлекет алдындағы міндеттемесі орындалады, – дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Төлеген Шаймарданов.

Сандарды сөйлетсек, шілденің басында облыста 44 658 кәсіп-керлік субъектісі болса, қазанда – 44863. Яғни, үш айда 205 жеке кәсіпкерлікке өскен. Үш ай бұрын өзін-өзі жұмыспен қамтитын кәсіпкерлер саны 9 мыңға өскен. Шілдеде 22760 болса, бүгінде –
32206. Мамандар мұны қоғамда салықтық мәдениеттің артқанымен байланыстырып отыр.

Жалпы, 9 айда облыста бюджет кірісі де өскен. Департаменттің мәліметінше, мемлекеттік бюджетке нақты 755 млрд теңгеге жуық кіріс түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27,7 пайызға өсім бар. Осылайша, бюджетке қосымша 164 млрд теңге түскен. Республикалық бюджет 100,2 пайызға  орындалып, 409,1 млрд теңге түсті. Өсу қарқыны өткен жылдың деңгейінен 120,3 млрд теңгеге артып, 141,7 пайызды құрады.  Жергілікті бюджет бойынша да
оң динамика тіркелген. Нақты 345,8 млрд теңге түсті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 43,3 млрд теңгеге артық, 14,3 пайызға өсті. Қосымша резервтерді анықтау шеңберінде мемлекеттік бюджетке 14,2 млрд теңге тартылды.

– Бүгінде салықтық әкімшілендіру ісінде камералық бақылауға басымдық берілген. Айыппұлдың алдын алуға жұмыс істейміз. Яғни, салық төлеушіге хабарлама жіберіліп, соның негізінде деректерді тексеріп, салыстырып, кемшілікті жойып, тиісті міндеттемелерді өз еркімен орындау мүмкіндігі беріледі. Есепті кезеңде камералық бақылау қорытындысы бойынша 5 млрд 642 млн теңге сомасына салықтардың қосымша есептелуі қамтамасыз етілді. Нақты 5 млрд 007 млн теңге өндіріп алынды, оның ішінде төлем тапсырмалары негізінде 4 млрд 106 млн теңге түсті. Айырмашылық анықталуына байланысты 6 636 хабарлама қалыптастырылып, жіберілді. Оның 2 667-сі орындалды. Бұл – бизнес пен конструктивті диалогтың нәтижесі, – дейді департамент өкілі.

2026 жылдың басынан бері облыстың мемлекеттік кірістер органдары 690-ға жуық салықтық тексеру жүргізген. Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға аз. Сала толық цифрландырылған. Нәтижесінде бүгінде қызметтің 99,8 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Қазір есептілік те бір платформада жүргізіледі.

Мамандар мемлекет тара-пынан жеңілдіктер жасалып жатқанына қарамастан салықтық міндетемелерін орындамайтын-дардың барын айтады. Әсіресе, жеке тұлғалар көлік пен мүлік салығын төлеуде салғырттық танытады. Мүлік салығы бойынша 51 287 салық төлеушіде 76 млн теңге қарыз қалыптасқан. Рейдтер жүргізу арқылы көлік салығын төлемегендерді тезге салуға мән берілген. Департамент өкілі кейде қатаң шарасыз салықтық міндеттемелерін орындамайтынын алға тартты.

Мобильді аударымдар бойынша критерийлердің бірі ай сайынғы аударым көлемінің өзгергенін мәлімдеді. Енді үш ай қатарынан жеке тұлғаға 100-ден астам адамнан жалпы 1,5 млн теңге көлемінде түссе, хат жолданады. Айта кету керек, бұрын сома 1 млн 20 мың теңге көлемінде болды. Содан кейін аударым түскен азамат әр аударымның қайдан түскенін дәлелдесе, ешқандай шара қолданылмайды. Яғни, коммерциялық түсім еместігі дәлелденуі тиіс. Мәселен, туыс-туған, дос-жаран, әріптестерінен түскен аударымдар, қайтарылған қарыз, қаржылық көмек кіріс ретінде есептелмейді. Қайырымдылыққа, жеке қажеттіліктерге жиналған қаржы да кәсіптік кіріс деп саналмайды. Бірақ, мұның бәрі салық органына дәлелмен түсіндірілуі керек.

Облыста биыл 10 млн теңгеден астам аударым қабылдаған 69 жеке тұлға анықталған. 114 кәсіпкер қаржыны коммерциялық шотына емес, жеке шотына қабылдағаны белгілі болған. Оларға жағдайды реттеуге хат жолдаған. Әзірше, олар қатаң шаралар қолдануға жеткізіп жатқан жоқ көрінеді. Басым бөлігі қаржыны декларациялауды жөн көрген, кейбірі коммерциялық еместігін түсіндіріп, дәлелін көрсетуде.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ