Closeup of businesswoman hands, working in office room

Облыс әкімі өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді. Аймақ басшысы Асайын Байханов жергілікті мемлекеттік органдардың жауапты басшылары алдында басты міндеттерді атап өтті. Яғни, жеке инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді шешуді тапсырды.

 

Өңірде 10 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеден астам 116 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Биылғы жылы импортты алмастыратын жаңа өнім түрлерін шығаруға бағытталған 38 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Отырыста штаб мүшелері 60 бастаманың іске асырылу барысын қарастырды, оның ішінде 40 жоба агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі, 20-сы — индустриялық-инновациялық даму саласында. Облыс әкімі олардың орындалу мерзімін қысқартуды және ауыл шаруашылығы бойынша жобаларды сұрыптауды тапсырды.

— Әрбір басымдық берілген жоба бойынша нақты инвесторлардың нақты міндеттерін шешу қажет. Барлық деңгейде олармен жұмыс бір жолға қойылу қажет және әрбір жоба толықтай сүйемелденуі тиіс, — деп талап етті облыс әкімі.

Мемлекеттік органдардың басшылары түпкі нәтижелерге жекелей жауапты екенін ескертті.

— Мен апта сайын жергілікті жердегі жағдайды қадағалап отырамын. Мемлекеттік органдардың біліксіз басшыларын лауазымдарынан босатуға дейін кадрлық шешімдер қабылданатын болады, — деді өңір басшысы.

Асайын Байханов Ақсудағы инвестициялық жобаларға қатысты ағымдағы жағдайдан хабарсыз болғаны үшін қала әкімінің орынбасары Ренат Тлявкаевқа және агроөнеркәсіп кешені саласын-дағы инвестициялық жобалар-дағы бақылаудың жоқтығы үшін Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлеген Көшербаевқа сөгіс жариялады.

Инвестициялық штабтың тағы бір отырысы өтті. Онда кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму саласындағы инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құрайтын 33 жоба қаралды. Бұл 6744 жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек. Облыс әкімі Асайын Байханов әрбір жобаға жекелей тоқталып, олардың экономикалық тиімділігіне егжей-тегжейлі талдау жасады. Өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде көлік жасау, жоғары өңдеуді және маржиналдығы жоғары мұнай-химия жобалары ерекше қызығушылық тудыруда. Аймақ басшысы жауапты орган басшыларына негізгі міндет-жобалар пулын анықтап, өңір экономикасына оң әсер ететін «Альфа-жобаларды» толықтай сүйемелдеуді қамтамасыз ету екенін ескертті.

Облыс әкімі қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жобасына баса назар аударды. Мұнда инвестор «Husmann» неміс технологиясын қолданады. Сонымен қатар, «ҮШТАҒАН GOLD» алтын кен байыту фабрикасының, қоспалар шығару, кеңсе және мектеп жиһазын, аяқ киім өндіру жобаларын айрықша атады.

Облыс әкімі әрбір инвестормен Жол карталарын әзірлеп, бекітуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.