Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленуде. Сол бойынша бірқатар жаңа талаптар енгізілмек.
— Қазір алдағы үш жылға арналған «Болашақтың» жаңа стратегиясы дайындалуда. Биыл наурыз айында республикалық комиссияның отырысына шығарып, одан кейін таныстыруды жоспарлап отырмыз, — деп мәлімдеген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа стратегияда маңызды мәселелер ескерілгенін де атап өтті. Оның айтуынша, бұдан былай бағдарламаға қатысушыларды іріктеу жұмыстары күшейтіліп, тағылымдамадан өту үшін ғылыми мақалаға қатысты талаптар қойылатын болады. Сондай-ақ, ғалымдар жұмыс істеп тұрған зертханаларға жіберіледі және жыл сайын елге оралған кезде ғылыми жобаларын өндіріске енгізу туралы есеп беруге міндеттеледі.
Нұржайна Шодыр.