Алдағы уақытта елімізде шетелдік танымал 4 университеттің филиалы ашылады деп жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

– Қазақстанда қазірдің өзінде мықты шетелдік университеттердің 12 филиалы ашылды. Биыл тағы төртеуі ашылады. Біріншіден, өте жақсы жаңалық бар. Гонконг қалалық университеті (City university of Hong Kong) әлемдік рейтингте 82-інші орында. Оның филиалы Сәтбаев университеті базасында жұмысын бастайды, – деді Саясат Нұрбек. Сонымен қатар, ол Алматыда Пенсильвания университетінің филиалы, Аграрлық университеттің базасында бұрыннан аты шыққан Ташкент ирригация инженерлері институты ашылатынын алға тартты.

Нұржайна Шодыр.