ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы бойынша биыл 1080 бакалавр студенті мен 8 магистрантқа Президент стипендиясы тағайындалған болатын.

Бұл шәкіртақы төрт министрлікке бөлінген. Атап айтар болсақ, Ғылым және жоғары білім министрлігі – 1005 бакалавр студентіне және 7 магистрантқа, Мәдениет және спорт министрлігі – 24 бакалавр мен 1 магистратура студентіне, Денсаулық сақтау министрлігі – 6 студентке, ал Ауыл шаруа-шылығы министрлігі 45 студентке тағайындаған. Оның  мөлшері студенттер үшін – 73 320 теңге, магистранттарға 173 974 теңге болып бекітілген.

Мамандардың айтуынша, мұндай қаржылай қолдауға ие болу үшін грантпен оқу міндетті емес. Яғни, оны ақылы бөлім студенттері мен магистранттары да иелене алады.

Нұржайна ШОДЫР.