Автобус жүргізушісі автобусты заңсыз жүргізді

Қаз 20, 2026

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментімен Павлодар облысының Ақсу қаласында бұрын сотпен көлік құралын басқару құқығынан айырған адам маршруттық автобусты басқару фактісі анықталды.

Болжамды-талдамалық жұмыс шеңберінде прокурорлар бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарды анықтау мақсатында күн сайын тұрақты жолаушылар тасымалына түсетін 460 жүргізуші бойынша мәліметтерді талдады, оның барысында жүргізуші болып К. есімді Ақсу қаласының 42 жастағы тұрғыны анықталды.

Бұған дейін, 2015 және 2019 жылдары ол мас күйінде көлік жүргізу фактілері үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі — ҚР ӘҚБтК) 608-б. бойынша үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған болатын.

Оның үстіне 2022 жылы ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-б. 1-б. көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот үкімімен ол көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.

Осыған қарамастан бұл жүргізуші қоғамдық көлікті басқарған.

2026 жылдың 11 қазанында автобус жүргізушісі ұсталды, автобус айыппұл тұрағына қамалды.

2026 жылдың 12 қазанында Екібастұз қаласы сотының қаулысымен К аз. ӘҚБтК-нің 612-б. 3-б. бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Ұқсас факт Ақсу қ. анықталды,

Осыған ұқсас факт Ақсу қ. да анықталды, 2026 жылғы 7 қазанда бұрын 2024 жылы көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған автобустың 62 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 608-б. бойынша ұсталып, оған көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Автобус мамандандырылған тұраққа қойылды. Келесі күні сот жүргізушіні КР ӘҚБтК-нің 612-б. 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Осыған байланысты уәкілетті органдарға жүргізушіге маршруттық автобусты басқаруға рұқсат берген адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін нақты тапсырмалар берілді.

Департамент тасымалдаушыларға жүргізушілердің көлік құралдарын басқару құқығын тұрақты тексеруді қамтамасыз ете отырып, жолаушыларды тасымалдауға жіберуіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.