«Достық үйінде» халықаралық Отбасы күніне орай мерекелік шара өтті. Оған аймақтағы үлгі тұтар 16 әулет қатысты. Сондай-ақ, аймақтық «Мерейлі отбасы» байқа-уына өтініштер қабылданатыны туралы жарияланды.
Фестивальдің салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова үлгілі отбасының шарттарын айтты.
— Халықаралық Отбасы күні аясында осындай бастаманың қолға алынуы – игі іс. Қазақ халқы үшін отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Ата-ана баланы қайырымды, ел мен жерге қызмет ететін отансүйгіш, білімді етіп тәрбиелеуі керек. Бұл қағидаттарды осындай шараларда қоғам арасына кең таратуымыз керек, — деді А.Құрманова. Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Райысованың айтуынша, отбасының құндылығын насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» отбасылық жұптар фестивалі жанұя мен некенің оң имиджін дамытуға бағытталған.
— Аталмыш байқаудың мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау, әр отбасының ел дамуындағы маңызын көрсету. «Отан — отбасынан басталады» дегендей, әрбір жанұя елімізде үлгілі бола алады, — дейді А.Райысова. Байқау екі кезең бойынша өтеді. Оған еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық өмірде белсенді әулеттер қатысуға жіберіледі. Салтанатты шараға отасқан-дарына 1 жылдан 50 жылға дейінгі 16 жұп қатысты. Солардың бірі – Сартаровтар әулеті. Жанұяның отағасы Қанат Сартаровтың сөзінше, әр әулеттің өзіне ғана тән қағидалары мен дәстүрлері болады.
— Отбасы – шағын мемлекет. Оны сақтап қалу үшін сыйластық пен адалдық қажет. Жұбайым Гүлмира екеуміз бісалада қызмет етеміз. Биыл шаңырақ көтергенімізге 15 жыл болады. Бір салада қызмет еткендіктен, бір-бірімізді жақсы түсінеміз, — дейді ол. Айта кетейік, бұл байқау аудан, қалалық және облыстық деңгейде өтеді. Оған өтініш беру үшін қатысушылар өздері туралы мәліметтерді, жетістіктерді электронды түрде жіберулері қажет.
Өз тілшіміз.