Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында комедия бағытындағы «Ұрылар» қойылымының премьерасы көрерменге жол тартпақ. Спектакльде қоғамдық өмірде болатын әлеуметтік мәселелер көтеріледі.

Жас драматург Қазбек Аманжолдың «Ұрылар» комедиясы әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, салмақты сатирамен көрерменді ойға жетелейді. Бір үйге түскен екі бөлек ұрылардың іс-әрекеттері және соларды бақылап көріп жүрген мысықтың қылықтары күлкі сыйлайды. Аталмыш театрдың әдеби бөлі-
мінің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбектің айтуынша, туындының негізі мақсаты – ар-намысқа адал болу, ұрлыққа жол бермеу.

– Салмақты сатира көрерменге ұрлықтың түбі жақсылыққа әкелмейтіні жайлы ой салып, қоғамда осындай келеңсіздіктерге жол бермеуді көздейді.  Комедия шағын бір үйде болып жатқан оқиға желісі бойынша өрбиді. Бір үйге түскен екі ұрының іс-әрекеттері және соларды бақылап көріп жүрген мысықтың қылықтары күлкі сыйлары анық. Олардың екеуінің бірі кәсіби ұры болса, екіншісі еңбекақысын бермей қойған басты-ғының үйін тонау үшін шатасып, осы үйге түседі, –  дейді ол. Қойылымның сюжеті әрі қарай қалай жалғаспақ?  Бұл сұрақтың жауабын білгіңіз келсе, 26 мамыр сағат 18.30-да, 27 мамыр күні сағат 17.00-де Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында өтетін «Ұрылар» комедиясын көруге шақырамыз. Олай болса, театрға асығыңыз, көрермен!

 

Айдана БОРАНБАЕВА.