Күзгі науқандағы мерзімді әскери қызметке шақыру аясында 600-ден астам Павлодар облысының жастары әскерге аттанады. Күз мезгіліндегі әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жалпы Павлодар облысында шақырылушылардың әскери есебінде 22707 адам тұр. Мерзімді әскери қызметке шақыру облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдар әкімдері орынбасарларының қатысуымен жүзеге асырылмақ.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиыны барысында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Бекзат Оразов 2024 жылдың көктемінде Қарулы Күштерге және басқа да әскерлер мен әскери құрылым-дарға барлығы 628 азамат шақырылғанын атап өтті. Оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 60 адам, ҚР Қорғаныс министрлігіне – 277 адам, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне – 9 адам, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 18 адам және Ұлттық ұланға – 264 адам.
— Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпан-дағы № 443 Жарлығына сәйкес «Әскери қызметінің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әкери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ағымдағы жылдың күзінде Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға 653 азаматты шақыру жоспарлауда. Ағымдағы жылдың 10 шілдесінен бастап мерзімді әскери шақырылуға жататын азаматтарды алдын ала зерделеу және іріктеу жүргізілді, — деді ол.
Сонымен қатар, департамент басшысы Павлодар облысында шақырылушылардың әскери есебінде 22707 адам тұрғанын, оның ішінде шақырылуға жататын азаматтардың саны – 1223 адам, шақырылуға жатпайтындардың саны 21484 адамды құрайтынын айтты. Оның сөзінше, отбасы жағдайы бойынша 1066 адамды, білімін жалғастыру үшін 12998 адамды, басқа себептер бойынша 286 адамды, денсаулық жағдайы бойынша 405 адамды кейінге қалдыру ұсынылды. Ағымдағы жылы шақыру учаскелеріне 3237 азамат тіркелді.
— Азаматтарды алдын ала зерделеу және іріктеу кезінде адамгершілік және іскерлік, жеке психологиялық қасиеттеріне, шақы-рылушылардың қабілеттері мен бейімділіктеріне, күнделікті өмірде өзін-өзі ұстауына, ұжымдағы өзара қарым қатынастарына, денсаулық жағдайы мен дене бітімінің дамуына, орта білімі мен арнайы дайындығының болуына, зиянды қылықтары мен діни көзқарастарына, отбасылық-мүліктік жағдайына аса көңіл бөлінеді. Одан басқа шақырылушыларды зерделеу кезінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, сонымен қатар, ішкі істер органдарында, психиатриялық, туберкулездік, тері аурулары, наркологиялық диспансерлерді және басқа да емдеу-алдын алу мекемелерінде есепте тұрған тұлғалар анықталады. Мерзімді әскери қызметке он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, шақырудан кейінге қалдырылуға немесе босатылуға мүмкіндігі жоқ азаматтар жатады. Заңның 30-бабына сәйкес әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар шақыру қағазы немесе СМС хабарландыру бойынша жергілікті әскери басқару органдарының шақыру комиссияларына келулері керек. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 2-бабында анықталғандай құрамында жергілікті атқару орган-дарының шешімі бойынша шақыру комиссиясы құрылады, онда шақыру комиссиясының төрағасы жергілікті атқару органдары әкімдерінің орынбасарлары тағайындалады, — деп толықтырды ол.
Бұдан басқа, Бекзат Оразов себепсіз шақыру комиссиясына келмеген, сонымен қатар, шақыру қағазын шақырылушының өзіне беру мүмкіндігі болмаған барлық жағдайлар туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімдерінің) бастықтары оларды іздеу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлайтынын жеткізді. Айтуынша, әдейі шақырудан жалтарып жүрген, сонымен қатар, шақыру пункттеріне уақытында келуден бас тартқан тұлғаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін материалдары тиісті органдарға жолданады.
— Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырудан жалтару – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінге мөлшерде айппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Мәселен, өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы, аурумын деп сылтаурату жолымен, жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет – үш мың есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға алып келеді, — деді ол.
А.МҰҚЫШЕВ.