Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында маусым айынан бастап өңірде «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел — алдын алу шарасы өтуде.

Павлодар облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов шара барысында 291 қару иесі тұрғылықты жері бойынша тексерілгенін айтты.

— Демалыс күндері полицейлер мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 23, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішкені үшін 130, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер 49, тыныштықты бұзғаны үшін 69, белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін 360, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін
8 азамат жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, рейд барысында полиция қызметкерлері «Нyundai Grand Starex» автокөлігінің жүк салғыш бөлімінен «ИЖ-К» маркалы тегіс ұңғылы, бір ұңғылы аңшылық мылтықтың кесіндісін тәркіледі. Бұдан бөлек, Ш.Айманов көшесіндегі үйдің ауласында павлодарлық азаматтан 9 мм калибрлі «valtro Combat» газ тапаншасы тәркіленді. Барлық қару сараптамаға жіберілді, — деді Қ.Мұстафинов.

Естеріңізге сала кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара
10 маусымға дейін жалғасады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарынан аталмыш іс-шараны өткізу барысында құқық қорғау қызметкерлерің күшейтілген қызметтік талаптарына түсінушілікпен қарауды сұрайды. Егер сіз қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, онда дереу «102» тел фоны арқылы хабарлаңыз немесе «police 102» мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

Алтынбек МҰҚЫШЕВ.