Күрес жалғасуда

Мау 4, 2026

Мамыр айында халықаралық нашарқорлық және есірткі бизнесіне қарсы «Халықаралық есірткіге қарсы» атты айлық бастау алдыҚазір түрлі messenger  арқылы таралатын жарнамалық ақпараттар мен чаттардағы қауіпті сілтемелердің алдын алауға арнайы чат боттар қызметі қолданылуда.     

 

Бұдан өзге іс-шаралар жөнінде Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі Ирина Тимиргалиева мәлімдеді.

— Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен құжаттың 42-тармағына сәйкес, жыл сайын еліміздің әр өңірінде нашақорлыққа қарсы айлық өткізіледі. Осы айлық аясында тұрғындардың, ата-аналардың, педагогтердің, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастардың есірткі мәселесіне деген назарын арттыруға бағытталған жұмыстар күшейтіледі. Бүгінде нашақорлық мәселесі әлемдік деңгейдегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Өкінішке қарай, бұл қауіп Павлодар облысын да айналып өткен жоқ. 2026 жылғы Павлодар облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында 106 қылмыстық іс қозғалған. Мұндағы 43 іс сот қарауына жіберілсе, 29 күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 334 кг астам есірткі және психотропты заттар, сондай-ақ, 1,5 килограмнан астам синтетикалық препараттар тәркіленді. Сондықтан алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту аса маңызды.

Аталған айлықта әртүрлі қоғамдық орталарда тиісті шаралар белсенді түрде өткізілетін болады. Қазірдің өзінде 20 түрлі іс-шара өз мәресіне жетті, — дейді Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметжанова.

— Жастар арасында нашақорлықпен күрес Мемлекет басшысының заң мен тәртіп идеологемасы аясында жүргізілуде. Облыстық деңгейде полиция департаметімен бірлесе жұмыс жасаудамыз. Соның бірі ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіне жастар арасында заңсыз психотропты заттарды тасымалдау қылмысының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда, — дейді ол.

Аталған жоспар аясында жыл бойы 60-тан астам іс-шара өткізіліп, 15 мыңнан астам жастар белсенділік танытқан. Сондай-ақ, заңгер, психолог мамандар және құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе заманауи  подкасттар сериясы түсіріліп жатқанын айтты.

Ағымдағы жылы өңірімізде кәмелет жасына толмағандар арасындағы есірткі қылмысы бойынша бір мектеп оқушысы анықталған. Ал 2025 жылы мұндай 7 оқиға тіркелген. Жеңіл табысқа қызығатындардың  орташа жасы 18-20 жасты көрсеткен. Қазірде мамандар ата-аналарға демалыс уақытында балаларын барынша қадағалауға шақырды. Ал қандай да бір күдікті жайтты байқасаңыз, өз қауіпсіздігіңізді бірінші орынға қоя отырып, құзырлы органдарға ескертуге шақырды. Сондай-ақ, анонимдік сенім телефондары да қызмет етеді  (8 7182-60-50-53).

Сара ӘБДОЛ.