Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының инспекторлары тәулік бойы облыс орталығының аулалары мен көшелерінде болған 160 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде 103 жол қозғалысы ережесін бұзу, 22 абаттандыруды бұзу, 20 қайыр сұрау фактісі, 15 азамат мас күйінде ішімдік ішкені немесе қоғамдық жерде жүргені үшін жауапқа тартылды.

Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартыл-ғанын мәлім етті.

– Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына қоғамдық орындарда мас күйінде болған 59 азамат жеткізілді. Бұған дейін басқару құқығынан айырылған автокөлікті басқарған екі автокөлік жүргізушісі де жауапкершілікке тартылды. Үш автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды, – деді ол.

Мәселен, Павлодар қаласында Майра көшесін патрульдеу кезінде 42 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Тойота» маркалы автомашинасы тоқтатылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Автокөлік айыппұл тұрағына қамалды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ, Қамзин көшесінде полицейлер 42 жастағы ер адамды тоқтатты. Деректер базасын тексеру кезінде оның ұялы телефоны 2020 жылдан бастап ұрланған деп саналады. Бұдан бөлек, Кенжекөл ауылына кірген кезде Ақсу қаласының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында ер адамның алимент өндіріп алу туралы істер бойынша іздеуде екендігі анықталды. Одан әрі талқылау үшін ұсталғандар Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне жеткізілді.