2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға сәйкес ҚР-ында уақытша, тұрақты тұруға рұқсат немесе виза алу үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті дактотіркеу көзделген.

Көші-қон қызметінің әрбір бөлімшелерінде нұсқаулыққа сәйкес саусақтары мен алақандарын орналастыратын жабдық орнатылған. Дактилоскопия өткеннен кейін қызмет алушыға Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе аумақтық көші-қон қызметі бөлімшелеріне құжаттарды тапсыру үшін бекітілген үлгідегі анықтама беріледі. Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында бұл рәсімнен 1591 шетелдік өтті.

Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің мамандары шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы Қазақстан Республикасының аумағынан әкім-шілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғатынын ескертеді.

А.МҰҚЫШЕВ.