Қазақстандық компания жаңартылған үлгідегі «ШағалаМ» ұшқышсыз ұшу аппаратының сынақ жұмыстарын сәтті аяқтады. Пилотсыз ұшатын аппараттың алғашқы нұсқасын ұлттық қорғаныс университетінің ғалымдары дайындаған.

Елімізде құрастырылған дронды мұнай-газ, энергетика секторлары және азаматтық қорғаныста, оның ішінде іздеу-құтқару жұмыстарында қолдануға болады. Оған қоса, қазақстандық өнімнің төтенше жағдай кезінде тікұшақты алмастырып, мұнай және газ құбырларына, сондай-ақ, электр желілеріне бақылау жүргізе алады.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, модернизация құрылғының тактикалық және техни-калық мүмкіндіктерін, яғни жылдамдығын, ұшу биіктігін және қашықтығын жақсар-туға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, ұлттық компанияның авиациялық-оқу орталығында азаматтық мақсаттағы дрондар мен коптерлердің қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұшқыштар мен механиктерді даярлау бағдарламасы іске қосылған.

– «Шағала-М» ұшу-қону жолағын қажет етпейді. Оның бағасы да шетелдік баламадан арзан. Өнімді сатуға арналған «СТ-KZ» сертификаты, өнеркәсіптік сертификат және сәйкес патент алынды, – деді «Қазақстан инжиниринг» R&D центр» ЖШС бас директоры Ғани Байсейітов.

Сонымен қатар, ведомство биыл министрлік елдің әуе кеңістігінде пилотсыз ұшатын аппараттарды пайдалану ережесін әзірлегенін мәлімдеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының есебі, санаты және оларға рұқсат құжатын беруді де реттеу қажеттігі туындаған.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.