Ағымдағы жылдың 3 мен 12 сәуір аралығында Павлодар қаласында орналасқан №99225 әскери бөліміне (аумақтық қорғаныс бригадасы) әскери жиындарға шақыру болады. Одан өту үшін 78 әскери міндетті азамат шақырылады. Олардың қатарында запастағы 65 офицер, запастағы 13 сержант пен сарбаздар бар.
Өңірлік коммуникациялар қызмет-інде өткен баспасөз жиыны барысында Павлодар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыру ресурсын тағайындау бөлімінің бастығы Алпамыс Баймұса әскери міндеттілердің әскери жиындарға шақырылуы мен босатылуы қалай жүзеге асатынын айтып берді.
— 2024 оқу жылына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін даярлау Жоспарына сәйкес саны үш мың адамдар әскери міндеттілермен, оның ішінде Павлодар облысының әскери міндеттілерімен әскери жиындар өткізуі жоспарланған. Әскери жиындардың негізгі мақсаты әскери міндеттілердің әскери білімін даярлау, қайта даярлау және жетілдіру, сондай-ақ әскери даярлық пен тәжірибелік дағдылардың талап етілетін деңгейін ұстап тұру болып табылады. Биыл Абай облысының Семей қаласында орналасқан №35411 әскери бөліміне әскери жиындарға шақыру жүзеге асырылатын болады. Әскери жиындардан өту үшін 392 әскери міндетті шақырылады, оның ішінде 51 запастағы офицер және 341 запастағы сержант, сарбаздар бар, — деді Алпамыс Баймұса.
Бұдан бөлек, бөлім бастығы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 36-бабы 2-тармағының негізінде әскери жиындардан күндізгі нысанда оқытатын білім беру ұйымдарының педагогтері, әскери міндетті әйелдер, он сегіз жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар адамдар шақырудан босатылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Заңның 36-бабының 5 тармақшасында әскери қызметке шақырудан босатуға құқығы бар азаматтар денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтардан басқа, мүдделі адамдардан нотариат куәландырған тиісті құжаттарды және өтінішін ұсынған кезде олардың қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
Әзірлеген – А.МҰҚЫШЕВ.