Қазақстан Туы әлемдік жарыстар мен олимпиада жүлдегерлерінің жеңісті қолдарымен сан мәрте биікке көтерілгені мәлім. Тіпті  айбарымызға айналған  көк байрағымыз ғаламшардың ең биік тау шыңдарына да тігілді. Мысалы…

— 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына қарсы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік Туды Іле Алатауының «Абай» шыңына тікті.

— 2011 жылдың 14 желтоқсанында Оңтүстік Полюске шығудың 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының Туы Антарктидада тігілді.

— 2012 жылдың 23 ақпанында қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі — «Охос-дель-Саладоны» бағындырды, қазақстандық Ту осылайша әлемдегі ең биік жанартауға тігілген.

— 2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауы — «Мак-Кинли» шыңына шығып, онда Қазақстанның туын желбіретті.

— Қазақстанның Туы сондай-ақ, Батыс Еуропаның ең биік нүктесі — «Монбланға» көтерілген.

— 2011 жылы альпинистер Мақсұт Жұмаев пен Василий Левцов Қазақстанның Туын Азияның ең күрделі тау шыңы — биіктігі 8 611 метр «Қарақорым Чогориге» тікті.

— 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Жер шарын 150 рет айналып ұшты.

— 2015 жылдың 14 сәуірінде қазақстандық шаңғы экспедициясы Қазақстан Республикасының Туын Солтүстік полюс — Арктикада тікті.

— Еліміздің Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Әнұраны Азия мен бүкіл әлемнің ең биік шыңдары —
Памир тауының «Ленин» шыңына (7 134 метр) және Эвересте (8 800 метр) көтеріліп, шырқалған.

 

Өз тілшіміз.