Облыс әкімінің өкімімен Бұйрашев Әнуар Қанашұлы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Әнуар Қанашұлы 1980 жылы туған, жоғары білімі бар. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Дәрігер», 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика бакалавры», 2017 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Менеджмент» мамандығының магистратура бағдар-ламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Б.Жарбусынов атындағы урологиялық ғылыми орталығы» АҚ сәулелік диагностика және рентгенэндоурология бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері ретінде бастап, кейін аталған бөлімшенің басшысы қызметін атқарды. 2014-2017 жылдар аралығында «Ұлттық онкология және трасплантология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Б.Жарбусынов атындағы урологиялық ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасының қаржы-экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.

2017-2019 жылдары «Ұлттық онкология және трасплантология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды. 2020-2022 жылдары дәрігер Орынбаевтың медициналық орталығының бас дәрігері, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Алматы қаласының №32 қалалық емханасының бас дәрігері болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.