Сайлау учаскесін қалай білуге болады?

Там 3, 2026

23 тамыз күні елімізде Құрылтай сайлауы өтетіні белгілі. Бұл күні тұрғындар қай учаскеде таңдау жасайтынын бірнеше тетік арқылы біле алады.

  1. Call-орталық арқылы

Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді. Операторға қоңырау шалып немесе WhatsApp арқылы өз деректеріңізді жіберіп, учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылай аласыз.

Call-орталықтардың телефон нөмірлері облыс, қала және аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған.

Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

  1. Telegram-бот арқылы

«Сайлау учаскесін іздеу қызметі» Telegram-ботына өтіп, ЖСН нөміріңізді енгізу жеткілікті.

Бот сізге автоматты түрде учаске нөмірі мен орналасқан жерін көрсетеді.

  1. Онлайн сервис арқылы

«Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» қызметі мына сайттарда қолжетімді:

— Павлодар облысының әкімдігінің ресми сайты

— Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурстары

Аталған сайттарға жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз, сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайы бірден көрсетіледі.