Қаулыға өзгеріс енгізілді

Қыр 10, 2026

2026 жылғы 08 қыркүйек №1837/1

Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы
05 тамыздағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» №1325/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 85-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 05 тамыздағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» №1325/3 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қала әкімдігі қаулысының қосымшасындағы
7, 9-тармақтар жойылсын және алынып тасталсын.
2. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Павлодар қаласының әкімі Х.Хабылбеков.

 

2026 жылғы 09 қыркүйек №1854/1

Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 маусымдағы «Павлодар облысы Павлодар қаласының бас жоспары туралы» №337 қаулысы, Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы «Павлодар қаласындағы «Достық» шағынауданының телім көлемі 95 га перспективалық биік құрылысына егжей – тегжейлі жоспарлау жобасын түзетуді бекіту туралы» №1964/3 қаулысы негізінде, Павлодар қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 27 тамыздағы «Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Павлодар қаласын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспарының жобасы туралы» №2190/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» №1692/1 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатын іске асыру мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін
3 (үш) ай өткен соң мәжбүрлеп иеліктен шығару күні бастау күні болып белгіленсін.
3. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 620 — кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемле-кеттік мекемесіне хабарлассын.
4. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.
5. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекет-
тік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.
7. Осы қаулыны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабы 3-тармағына сәйкес қаржылық шығындар қажет етіледі.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Павлодар қаласының әкімі Х.Хабылбеков.

Павлодар қаласы әкімдігінің

2026 жылғы «09» қыркүйек

№ ____ қаулысына

қосымша

Р/с

 

Кадастрлық

нөмірі

Жер телімінің көлемі,

га

Жер телімінің заңды мекенжайы

 

Жер телімі иесінің тегі, аты, әкесінің аты

 

1 14-218-149-056

 

0,0606 Павлодар қаласы, «Строитель» бау-бақша серіктестігінің тұтыну кооперативі (бұдан әрі — БСТК), Луговая көшесі,                        92- құрылыс Цихмейструк Олег Борисович,

Цихмейструк Елена Владимировна

2 14-218-149-996

 

0,0575 Павлодар қаласы, «Строитель» БСТК, Луговая көшесі, 94- құрылыс Цихмейструк Олег Борисович,

Цихмейструк Елена Владимировна

3 14-218-149-661 0,0600 Павлодар қаласы, «Строитель» БСТК, Кленовая көшесі, 136- үй Царев Александр Иванович
4 14-218-149-031 0,0600 Павлодар қаласы, «Строитель» БСТК, Кленовая көшесі, 139- үй Алёхина Алёна Александровна
5 14-218-149-223 0,0600 Павлодар қаласы, «Строитель» БСТК, Сиреневая көшесі, 135- үй Ахметов Марат Саменович