Қазақстан Республикасының Құрылтайы — Қазақстанның бірпалаталы парламенті, жалғыз заң шығарушы және жоғары өкілді органы.
2026 жылы президент Тоқаевтың ұсынысымен екіпалаталы Парламенттің орнына құрылды.
Құрылтай 145 депутаттан тұрады, оның барлығы пропорциялы жүйе бойынша сайланады.
Құрылтай біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде сайланатын 145 депутаттан тұрады. 25 жасқа толған, ел аумағында соңғы 10 жыл бойы тұратын Қазақстан азаматы Құрылтай депутаты болып сайлана алады. Әйелдер, жастар, мүгедек адамдар партиялық тізімнің кемінде 30%-ын құрауы керек. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі — 5 жыл.
Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс сайлауын Президент белгілейді. Президенттің Құрылтай Төрағасымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратуға құқығы бар. Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады.
