Облыс әкімі Асайын Байханов алдағы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жайында жиналыс өткізді. Өткен жыл өңірдің ауыл шаруашылығы үшін өте ауыр болды. Осыған байланысты аймақ басшысы құзырлы органдарға биылғы егіс жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.

 

Биыл өңірде майлы және жемшөп дақылдарының егістігін кеңейту есебінен егістік алқабы 20,3 мың гектарға ұлғайып, 1 млн 657,3 мың гектарды құрамақ. Тұқыммен 94 пайыз қамтылды. Яғни, 163,5 мың тонна тұқым алынады. Бүгінде шаруашылықтар оларды Қазақстан мен Ресейдің басқа өңірлерінен жеткізуге алдын ала келісімшарттар жасасты.

Бүгінгі таңда бюджет есебінен тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау, тыңайтқыштардың, пестицидтердің және ауыл шаруа-шылығы өндірушілеріне су жеткізу бойынша өткен жылғы қарыздар толығымен өтелді. Барлығы 2 млрд 362 млн теңгеге 1644 өтінім қанағаттандырылды.

«Бәйтерек «ҰБХ» АҚ қаржы институттарымен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жалпы сомасы 6,7 млрд теңгеге несие берілді. Қосымша тағы 1 млрд теңгенің өтінімдері қаралуда.

Аймақ басшысы Асайын Байханов егіс науқанына дайындық мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.