Жылда елімізде 30 қыркүйек — Әділет органы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Әділет органдары әрқашан азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, конституциялық құқықтарын жүзеге асыру және қорғау, әділдік принциптерін бекіту, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттілікті нығайту және дамытуға белсенді түрде ықпал етіп келеді.
Бүгінгі таңда Павлодар облы-сының Әділет депаратменті адвокаттар мен нотариустардың жұмыс-тарын үйлестіруде, жергілікті атқарушы органдары мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлік құқықтарына бақылау жүргізу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізуде тыңдырымды жұмыс атқарып келеді. Одан бөлек, Павлодар облысының Әділет департаменті халық ара-сында құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету саласында айтарлықтай жетістіктерге жетуде.
Осынау жауапкершілігі мол жұмыстың қыр-сырын меңгеріп, құқықтық заңнамалар аясында әділетті қызмет атқарып келе жатқан қызметкерлердің бірі – Жанар Әбілдинова. 1979 жылы Павлодар облысы, Тереңкөл ауданының Трофимовка ауы-лында дүниеге келген Жанар Ерсайынқызының мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 15 жылды, әділет органдарындағы жұмыс өтілі 7 жылды құрайды. Ол Әділет органындағы еңбек жолын 2010 жылы Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің «Тереңкөл ауданының аумақтық бөлімі» филиалының басшысы–аға сот орындаушысы ретінде бастады. 2020 — 2024 жылдары Павлодар облысы Әділет департаментінің «Сот актілерін орындау жөніндегі Тереңкөл ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының басшысы-аға сот орындаушысы ретінде қызмет етті. 2024 жылдың 16 ақпанынан Павлодар облысы Әділет депар-таментінің «Тереңкөл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы-аға сот орындаушысы лауазымында қызмет етуде.
Оның айтуынша, кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз әрекет етуі мүмкін емес. Сондықтан да елдің Туын тік көтеріп, мәртебесін асыратын, абыройын асқақтататын әділетті қызметкер болу – мәртебелі міндет. Осылайша ол жүктелген құқықтық көмек пен заңдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асырып келеді.
— «Әділдіктің екі қайнар көзі бар» дейді Цицерон. «Ол — ешкімге зиян келтірмеу және қоғамға пайда келтіру». Осы айтқандай, әділдік жолдында қызмет атқарып, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылмауы және барлық мәселелердің заң шеңберінде жүзеге асуы үшін еңбек етіп жүрген әділет органы қызметкерлерінің еңбегі зор, — дейді ол.
Жанар Әбілдинова өзінің тәжі-рибелік қызметінде сот актілерімен жұмыс істеп, әрдайым өзінің шеберлігін көтеру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында әділет органдарын дамытуға елеулі үлес қосуда. Еселі еңбегі еленіп, ол Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және көптеген Алғыс хаттармен марапатталған.
А.МҰҚЫШЕВ.