Павлодар қалалық Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысымын. Осы жылдың жазғы демалысы мен үшін есте қаларлықтай өтті.

Әр оқушы жазғы демалысын әртүрлі өткізеді. Мәселен, бірі кітап оқыса, бірі ауылдағы ата-әжесіне барып, қолғабыс етеді. Ал менің үш айлық демалысым Мысыр Араб республикасынан басталды.

Мысыр еліне саяхат барысында бұл мемлекеттің көрікті жерлерімен танысып, әбжылан, түйе, жылан, маймыл секілді жануарларды тамашаладым. Алғаш рет Қызыл теңізді және суасты әлемін көрдім. Ал қалған демалысымда футбол үйірмесіне жазылып, командамызбен осы спорт түрінен жарыстарға қатысып, үш медальға ие болдық. Одан бөлек, ата-анама көмектесіп, отбасыммен бірге көп уақыт өткіздім. Жалпы, осы жылдың жазғы демалысы мен үшін пайдалы өтті.

Айдын СЕРІК,

Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.